Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусым күні сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген өкім мәтінінде.