Malim.kz
Саясат

Парламент Президент туралы Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Айбын Атабай
видеодан салынған скрин

Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, 1-тарауда Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі айқындалады.

2-тарауда Конституцияға сәйкес Президенттің өкілеттіктері белгіленген. 3-тарауда Вице-Президентті тағайындау тәртібі белгіленеді – оны Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайтын болады. 4-тарауда Конституцияда көзделген жағдайларда (Құрылтай өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, оның уақытша болмауы кезеңінде) конституциялық заң не заң күші бар жарлықтар шығару мүмкіндігі қарастырылған. 5-тарауда ұсынылып отырған өзгерістер жоғары мемлекеттік биліктің институционалдық тұрақтылығын және мемлекеттік басқару жүйесінің тұтастай үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. 6 және 7-тараулар Президент қызметін қамтамасыз ету және экс-президенттердің мәртебесіне қатысты мәселелерді реттейді. Олардың нормалары жаңа Конституцияға сәйкес нақтыланып, сәйкестендірілген.

Конституциялық заңның қабылдануы – президент институтын мемлекетіміздің жаңартылған конституциялық моделіне сәйкес одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Бұл модельге сәйкес Қазақстан Республикасы – әділеттілік, заңдылық және адамға бағдарланған қағидаттарға негізделген мемлекет. Ал оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, - деді министр.

Айта кетейік, осы уақытта Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.



 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары