Malim.kz
Әлем

Пашинян Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына бармайды

Айбын Атабай
Ресей президентінің баспасөз қызметі

Никол Пашинян Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына бармайды. Ол 9 мамырдағы Қызыл алаңдағы іс-шараларға қатыспайтыны туралы Владимир Путинге 1 сәуірде Ресейге жасаған сапары кезінде хабарлағанын бүгін News.am агенттігіне мәлімдеді.

Пашинян мұндай шешімінің себебі ретінде Армения Ұлттық жиналысына өтетін сайлау алдындағы науқанға жеке қатысу қажеттігін атады. Сайлау 7 маусымға жоспарланған және оның қорытындысы бойынша елдің жаңа премьер-министрі анықталады.

Биыл 2007 жылдан бері алғаш рет әскери техникасыз өтетін 9 мамыр парадына «бірнеше шетелдік көшбасшы» қатысады деп ресейлік агенттіктер хабарлады. Алайда Кремль Мәскеуге келуге келіскендердің толық тізімін әлі жариялаған жоқ. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің айтуынша, тізім «мерекеге жақын» уақытта жарияланады.

Александр Лукашенко мен Сұлтан Ибрагимнен бөлек, 9 мамырда Ресей астанасына Роберт Фицо де келуі тиіс. Алайда ол бұған дейін Жеңіс парадына қатыспайтынын, тек Путинмен жеке кездесу өткізіп, Кремль қабырғасындағы мемориалға гүл қоюмен шектелетінін айтқан болатын.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары