Malim.kz
Әлем

Павел Дуров Ресейде террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді

Арман Қайыпхан
Фото: әлеуметтік желі

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Ресейдің Қаржылық мониторинг жөніндегі федералдық қызметінің (Росфинмониторинг) террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған тізімге енгізілу бірқатар қатаң шектеулерге әкеледі. Ашық деректерге сәйкес, тізімдегі тұлғаларға бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға, интернетте ақпарат жариялауға, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыруға, сайлауға қатысуға, сондай-ақ қаржылық қызметтердің басым бөлігін пайдалануға тыйым салынады.

Бұған дейін Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялаған болатын. Ведомствоның мәліметінше, бұған Telegram платформасында диверсияларды, кибералаяқтықты және өзге де қылмыстарды ұйымдастыру үшін пайдаланылды делінетін арналар, чаттар мен боттардың жойылмауы себеп болған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары