Malim.kz
Әлем

Павел Дуровтың байлығы бір жылда 2,5 есе азайды

Арман Қайыпхан
Фото: Getty Images

Телеграм мессенджерінің негізін қалаушы әрі иесі Павел Дуровтың байлығы 6,6 млрд доллар болды. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 17,1 млрд доллар болған. Бұл туралы америкалық Форбс журналы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Басылымның мәліметінше, мұндай төмендеу нарықтағы жағдайдың нашарлауымен байланысты.

Павел Дуров Форбс рейтингіне 2016 жылдан бері енеді. Ал 2018 жылы ол миллиардер атанды.

2021 жылы Дуровтың байлығы ең жоғары деңгейіне жеткен. Сол кезде оның дәулеті 17,2 млрд доллар деп бағаланған.

Айта кетейік, бүгін бірқатар елдерде телеграм қосылмай қалды. Мессенджерге қосылу мен оның жұмысында қиындықтар бар екені туралы мәліметтер Қазақстан, Польша, Ресей, Сербия, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия және басқа елдердің тұрғындарынан келіп түскен.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары