28 наурыз күні сағат 15:00 шамасында Ақшиман ауылдық округінің дала аймағына шыққан ЖШС қызметкерлері байланысқа шықпай қалған, деп хабарлайды Malim.kz.
Іздестіру жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Нәтижесінде жоғалған азаматтар «Ақшоқы» шалғай нүктесі маңынан табылды.
Ер адамдарға медициналық көмек қажет болмады.
Алдын ала мәлімет бойынша, олардың көлігі батпаққа батып қалған. Қою тұман салдарынан жұмысшылар бағдардан жаңылып кеткен. Таңға жуық олардың екеуі электр желілерін бойлай жүріп, Малайсары–Ақшиман жолына шыққан. Сол жерде олар болған жағдай туралы хабар берген. Қалған екі адам көліктің жанында қалған.