Malim.kz
Қоғам

Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті

Malim Админ

Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

8 мамырда сағат 23.25-те Павлодар облысы ТЖД-ға Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар түскен.

9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуір жіберілді. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейі көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр, - деп хабарлады өңірдің ТЖД.

Ведомство мәліметінше, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: «Қазақстан Су-Жолдары» РМКК

Malim Админ
Автордың басқа материалдары