Malim.kz
Қоғам

Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланады

Арман Қайыпхан

Павлодар облысының үш қаласы мен бірқатар ауданында төтенше жағдай жарияланады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті органдар дауылдан келген залалды бағалап жатыр.

20-30 маусым аралығында апаттың салдарын жою бойынша өтініштер қабылданатын болады.

«Дауылдан зардап шеккен жеке үйлердің тұрғындары - азаматтардың жекелеген санаттары үшін 393 200 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген», - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, кеше Павлодар өңірінде дүлей дауыл соғып, салдарынан бір адам қаза болды.

Фото: видеодан кадр

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары