Malim.kz
Қоғам

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Арман Қайыпхан

Павлодар облысында жол-көлік апатынан екі адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Атамекен – Ақтоғай – Ресейдің Русская Полянасы" автожолында Chevrolet көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аударылып кеткен. Апат салдарынан екі адам көз жұмды, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды», – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті жексенбі күні.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталмақ.
Фото: Павлодар облысы

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары