Malim.kz
Қоғам

Павлодарда көлік трамвай бағанына соғылып, жүргізуші қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: Павлодар облысы ПД

Қайғылы оқиға Назарбаев пен Жаяу Мұса көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, көлігімен трамвай бағанына соғылған.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен нақты себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары