Malim.kz
Қоғам

Павлодарда прокурор алаяқтық фактісі бойынша ұсталды

Арман Қайыпхан

Павлодарда облыс прокуратурасы қызметкеріне қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Malim.kz.

Павлодар облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімі өңірлік ҰҚК департаментімен бірлесіп, облыс прокуратурасының қызметкеріне қатысты алаяқтық фактісі бойынша Павлодар қаласының тұрғынынан түскен арыз негізінде жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Фото: freepik.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары