Malim.kz
Қоғам

Павлодарда «ҚазАвтоЖол» АҚ филиалының директоры бопсалап пара алған

Malim Админ

Оларға "Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы) бопсалау арқылы ірі көлемде пара алды деген айып тағылды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ директоры А.М. 2023 жылдың 29 маусымында көмектесушiсі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бас маманы Ө.З.-мен, яғни орындалған жұмыстардың актісіне қол қоймаймын және Павлодар-Астана автожолын күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзамын деп қорқытып, мердігерден жалпы сомасы 4 000 000 теңге пара ретінде ақша алған.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, заттай және құжаттамалық дәлелдемелермен дәлелденді.

Сондай-ақ А.М. лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша айыпталды (ҚК 361-б. 4-б. 3) т.).

Прокурор А.М.-ға түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, ал Ө.З.-ға – 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар кінәларын толығымен мойындамады, ақтауды сұрады, - делінген Павлодар қаласы №2 сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сот жеңілдететін мән-жайларды, асырауында жас балалардың болуын ескере отырып, А.М.-ға 8 жыл бас бостандығынан айыру, ал Ө.З.-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

А.М. - қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша (ҚК 361-б. 4-б. 3) т.). - қылмысқа қатысуы туралы дәлелдемелердің болмауына байланысты ақталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: time.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары