Malim.kz
Құқық

Павлодарда қос азаматтықпен жүрген тұрғын елден шығарылды

Айбын Атабай

Полицейлер Павлодар облысы Шарбақты ауданының тұрғыны қос азаматтықпен жүргенін анықтады. Ресей төлқұжатын алған әйел бұл туралы көші-қон қызметіне де, дипломатиялық өкілдіктерге де хабарламаған.

Шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шарбақты аудандық сотының шешімімен ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылып, еліміздің аумағынан шығарылды. Сондай-ақ оған Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Қанат Сартов.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері өңірде шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін 5 азамат жауапкершілікке тартылған. Олардың екеуі сот шешімімен ҚР аумағынан шығарылып, елге кіруге тыйым салынды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары