Malim.kz
Қоғам

Павлодарда тоғыз жастағы бала үшінші қабаттан құлап кетті

• Арман Қайыпхан

Павлодарда тоғыз жастағы бала үшінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Аймақтық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сауле Шакееваның мәліметінше, оқыс оқиға 19 шілде күні сағат 21:55-те болған. 2016 жылы туған ұл бала терезеден құлап кеткен.

«Көптеген жарақаттармен, сынықтар және көгерулермен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», — деді Шакеева.

Дәрігерлердің айтуынша, бала тірі.

Фото: freepik.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары