Malim.kz
Қоғам

Павлодарда той жасау үшін несие алған әйелдің қарызы кешірілді

Сабина Асқарқызы
ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

Павлодар соты 2019 жылы жеке той өткізу мақсатында әртүрлі банктерден 6,3 млн теңге несие алған әйелді банкрот деп таныды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әйел бастапқыда несиесін уақытылы төлеп отырғанымен, сотқа жүгінген кезде оның жалпы қарызы 6 344 644 теңге болып кеткен.

Сот мәліметінше, борышкердің тұрақты табыс көзі жоқ және асырауында кәмелетке толмаған екі баласы бар. Сот алқасы берешектің заңмен бекітілген шектен асқанын және бір жылдан астам уақыт бойы төленбегенін ескере отырып, әйелдің несие қарызын кешіру туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету және олардың ауыр қаржылық жағдайдан шығуына мүмкіндік беру мақсатында қабылданған.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары