Malim.kz
Қоғам

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

Malim Админ

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Павлодар қаласында үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтер өртенді.

– Павлодар қаласының өрт сөндірушілері Сұрағанов көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердегі өртті сөндірді. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері тұрғындарды эвакуациялауды жүргізді. Біздің мамандар барлығы 12 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. 1986 жылы туған ттұрғын түтіннен уланып қалған. Ер адам ауруханаға жеткізілді, – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметінен.

Пәтердегі өрт шарпыған жердің жалпы аумағы – 15 шаршы метр.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары