Malim.kz
Қоғам

Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Malim Админ

Павлодарда Руслана Ткаченко есімді 15 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол 1 мамыр күні Радио зауыттағы үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған. Бұл туралы «VITA» іздестіру жасағының еріктілері хабарлады.

Руслананың бойы – 156 сантиметр, арықша келген, шашы ақсары түсті. Үстіне қызыл капюшоны бар жемпір, ашық көк түсті леггинс және қара аяқ киім киген.

Жоғалған қызды көрген-білгендер болса мына нөмірлер бойынша қоңырау шалуларыңызды сұрайды: +7 747 615 5563 немесе +7 777 334 8201.

Фото: Instagram/poiskoviki_pavlodara_vita

Malim Админ
Автордың басқа материалдары