Malim.kz
Әлем

Пентагон Миннесотаға десант әскерін жіберуге дайындалуда

Арман Қайыпхан
Фото: Jim Vondruska/AFP/Getty Images

АҚШ Қорғаныс министрлігі Аляска штатында орналасқан шамамен 1500 десантшыны Миннесота штатына жіберуге дайындық жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

The Washington Post басылымы мәліметінше, әскерилер Миннесота штатында миграциялық полицияның әрекеттеріне қарсы өтіп жатқан наразылық акцияларын басу үшін қолданылуы мүмкін.

Аляскадағы десантшылар тартылуы ықтимал

Дереккөздердің айтуынша, операцияға 11-әуе-десанттық дивизияның екі жаяу әскер батальоны қатысуы мүмкін. Бұл бөлімшелер Аляскада орналасқан және қатты суық жағдайда қызмет етуге бейім. Қазіргі уақытта Миннесотаның солтүстігінде күндіз ауа температурасы шамамен –15°C, ал түнде –20°C-тан төмен.

АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі дереккөз мұндай дайындықты «алдын ала ақылға қонымды жоспарлау» деп атап, түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын жеткізді. WP дерегінше, егер әскер көшеге шығарылса, бұл 1992 жылдан бергі алғашқы жағдай болмақ. Ол кезде әскерилер Лос-Анджелес қаласындағы тәртіпсіздіктерді басуға тартылған.

15 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде 1807 жылғы «Көтеріліс туралы заңды» қолдануы мүмкін екенін ашық жазды. Бұл заң ел ішінде армияны пайдалануға мүмкіндік береді. Миннесотадағы наразылық білдірушілерді Трамп «бүлікшілер» деп атады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары