Malim.kz
Әлем

Перуде ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: unslpash

2026 жылғы 2 тамызда Перуде бортында 13 адам мінген туристік ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан ұшақтағы адамның бәрі қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның мәліметінше, бортында 11 жолаушы мен екі экипаж мүшесі болған ұшақ Писко әуежайынан ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:55 шамасында Наска қаласының маңындағы егістік алқапқа құлаған.

Әуе апатының себептері анықталып жатыр.

Наска Перудің оңтүстігінде орналасқан. Қала ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ежелгі Наска геоглифтерімен (Наска сызықтары) әлемге танымал.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары