Malim.kz
Саясат

Песков: Бұл – таза фантастика

Аялдар Күнтуған

                       Фото: amic.ru

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков The Washington Post газеті жалған ақпарат таратты деп айыптады. Бұл туралы ВВС  хабарлады. Газет 7 қараша күні Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті деген болатын.

Песков дүйсенбі күні таңертең РБК мен ВВС журналистеріне жауап беру сәтінде: «Бұл беделді басылымдарда жарияланатын ақпарат сапасының ең айқын мысалы. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайды. Бұл – таза фантастика, бұл – жалған ақпарат», – деп мәлімдеді.

Washington Post газетінің хабарлауынша, Трамп  7 қараша күні Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты талқылаған. Газеттің жазуынша, Трамп Путинді жағдайды ушықтырудан алшақ болуға шақырған.

Аялдар Күнтуған
Автордың басқа материалдары