Malim.kz
Қоғам

Петропавлда ер адам мешіт имамын ұрған

Malim Админ

Петропавл қаласындағы мешіттің имамын белгісіз ер адам ұрған, деп хабарлайды Malim.kz.

Cотта 2024 жылы 15 сәуірде сағат 15:00 шамасында Петропавл қаласындағы облыстық Қызылжар мешітінде азамат Р. көп адамның көзінше жанжал шығарып, азаматтарға дөрекілік танытып, ақыры имамды бетінен жұдырықпен екі рет ұрғаны анықталды.

Ол осы арқылы ұсақ бұзақылық жасап, өзгелерге сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті және жеке адамдардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасады деп танылды. Сот шешімімен сотталушы ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды, - делінген сот хабарламасында.

Фото: интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары