Malim.kz
Қоғам

Петропавлда жоғалып кеткен ер адамның мәйіті су астынан табылды

Malim Админ

Петропавлда бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адламның мәйіті су астынан табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті растады.

Мәйітті сүңгуірлер тапқан. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. 

Сәуірдің 13-і күні 34 жастағы қала тұрғынының із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. 12 мамырда сүңгуірлер денесінде жарақаттары жоқ ер адамның денесін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, – деп мәлімдеді полициядан.

Фото: интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары