Malim.kz
Әлем

Пойызда пышақпен шабуыл жасалды: 10 адам жарақат алды

Арман Қайыпхан
Фото: Justin Tallis/AFP/Getty Images

Ұлыбританияның Кембриджшир графствосында пойызда болған пышақпен шабуыл салдарынан 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Оның тоғызы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Оқиға Донкастерден Лондонның Кингс-Кросс вокзалына бағыт алған пойызда болды. Полиция дерегінше, оқиға Хантингдон маңында, Лондоннан шамамен 120 шақырым жерде тіркелген.

Құқық қорғау органдарына хабар 19:42-де түскен. Оқиға орнына қарулы полиция мен дәрігерлер жетіп, екі күдіктіні ұстап, тергеу басталғанын хабарлады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары