Malim.kz
Құқық

Полицейлер азаматтардың жеке дерегін сатылымға шығарған «хакерді» іздеп жатыр

Айбын Атабай
Фото: Коллаж BAQ.KZ

Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарының жеке деректерінің сатылуына қатысты жағдайды назардан тыс қалдырған жоқ, деп хабарлайды Malim.kz.

Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты тексерді. Бүгінге дейін eGov порталына рұқсатсыз кіру тіркелген жоқ.

Дегенмен мұндай жарнаманың пайда болуының өзі назардан тыс қалған жоқ. Қазір жарнаманы орналастырған адамды, ұсынылған деректердің көзін және оны заңсыз алуға және таратуға қатысқандардың барлығын анықтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

15 миллион қазақстандықтың жеке деректері сатылып кеткен: Министрлік даркнеттегі файлдарды тексердіОқыңыз

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде азаматтардың жеке деректерін қорғаудың конституциялық кепілдігін жүзеге асыруға толық міндеттенеді.

“Конституцияның 21-бабында жеке деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан, соның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қорғау нақты көзделген. Қатысқандардың барлығын анықтау үшін барлық қажетті шара қабылданады. Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды”, – делінген хабарламада.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары