Қызылорда облысының Полиция департаменті бірнеше адамға іздеу салды, деп хабарлайды Malim.kz.
Полиция департаменті іздеу жарияланған бес ер адамның аты-жөнін атады. Олар Қылмыстық кодекстің 293/3б тармағы, яғни «Бұзақылық» бабы бойынша іздестіріліп жатыр.
Іздеу жарияланған ар адамдардың аты-жөні:
Мейрамбек Нұржан Серікұлы, 16.05.2003 жылы туған; ҚР ҚК 293/3 б; 15.10.2025 жылы арналған.
Еспенбетов Гафур Еркінұлы, 13.03.1989 жылы туған; ҚР ҚК 297/3 б; 31.07.2025 жылы арналған.
Нұрбаев Алматбек Жаксылықұлы, 20.01.1988 жылы туған; ҚР ҚК 297/3 б; 03.07.2025 жылы арналған.
Ахметалиев Саламат Қайырбекұлы, 22.07.1991 жылы туған; ҚР ҚК 297/3 б; 18.10.2025.
Досболов Назбек Кеңесбайұлы, 17.04.1975 жылы туған; ҚР ҚК 422/3 б; 04.01.2025
«Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы көзделген, анонимділікке кепілдік беріледі. Егер қандай да бір ақпарат білсеңіз, 29-70-10,29-57-07, 87013695535 немесе 102-ге хабарласуыңызды сұраймыз», - делінген Қызылорда облысының Полиция департаменті хабарламасында.