Malim.kz
Әлем

Politico: Майамиде АҚШ-Ресей келіссөздері өтуі мүмкін

Арман Қайыпхан
Фото: Kristina Kormilitsyna, Sputnik, Kremlin Pool Photo via AP

Politico басылымы екі аноним дереккөзге сілтеме жасап хабарлағандай, алдағы демалыс күндері Майамиде Украинадағы соғысты аяқтау мәселесіне қатысты АҚШ пен Ресей өкілдерінің келіссөздері өтеді деп күтілуде, деп хабарлайды Malim.kz.

Дереккөздердің айтуынша, америкалық тараптан келіссөздерге президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер қатысуы мүмкін.

Ал ресейлік тараптан Тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев қатысады деп күтіледі, деп мәлімдеді дереккөздердің бірі.

Аталған үш тұлға да соңғы апталарда өткен келіссөздерге қатысқан.

Бұл ақпаратқа қатысты әзірге тараптардың ешқайсысы ресми растау берген жоқ. Politico мәліметінше, Ақ үй түсініктеме беру жөніндегі сұрауларға жауап қатпаған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары