Щучинск және Семей қалаларында орын алған қайғылы оқиғалардан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне өрт қауіпсіздігін нығайту және газ қызметтерінің жұмысына бақылауды қатаңдату бойынша тікелей жауапкершілік жүктелді.
Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, министрлік жергілікті әкімдіктермен тығыз іс-қимыл жасай отырып, тұрақты негізде профилактикалық рейдтер ұйымдастыруға және халық арасында газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуге міндеттелді.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов аталған екі факті бойынша да қылмыстық істердің қозғалғанын және қазіргі уақытта тиісті сараптамалардың жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Сонымен қатар министрлік болашақта мұндай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйелі шараларды әзірлеу үшін құрылған Ведомствоаралық комиссияның жұмысына белсенді қатысуда.
Семейдегі балалар ойын-сауық орталығында болған өрт кезінде министрлік күштері жалынды жедел түрде ауыздықтап, адам шығынына жол бермеуді қамтамасыз етті және оқиға орнында жедел штаб жұмысын үйлестірді.
Сондай-ақ министрлік басшысы Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккен азаматтардың халін біліп, оларға қажетті көмектің көрсетілуін бақылауға алды.
. Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігі газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өрт қаупі бар нысандарды тексеру жұмыстарын жандандыру бойынша негізгі жауапты орган ретінде әрекет етуде.