Malim.kz
Қоғам

Президент Іс басқармасының баспасөз хатшысы тағайындалды

Арман Қайыпхан
Фото: Прокадры телеграм арнасы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының баспасөз хатшысы болып Алтын Путилин тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz Прокадры телеграм арнасы.

Алтын Путилин — «Мирас» университетінің «Шет тілдері» мамандығы бойынша түлегі.

Әр жылдары журналист, тележүргізуші, Отырар ТВ телеарнасы сайтының редакторы болып еңбек еткен.

Сондай-ақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінде, «СПК «Шымкент» АҚ-да баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.

Бұдан бөлек, Хабар 24 телеарнасының меншікті тілшісі және жаңалықтар бөлімінің тілшісі, «НК «Kazakh Invest» АҚ-ның баспасөз хатшысы, ұлттық экономика министрінің кеңесшісі болған.

Маңғыстау облысында жасыл сутегі өндіруді көздейтін Hyrasia One жобасының Орталық Азия және ТМД бойынша PR-директоры қызметін атқарды.

2025 жылдың шілде айынан бастап «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің коммуникациялар департаментінің директоры – баспасөз хатшысы болды.

Мемлекеттік тілді меңгерген.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары