Malim.kz
Қоғам

Президент туыстарына қатысты бап өзгере ме?

Айбын Атабай
Конституциялық сот

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев редакциялық өзгерістер жайында айтып берді.

Министрдің айтуынша, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару мәселелерін реттейтін Конституцияның VIII бөліміне және басқа да бөлімдеріндегі бірқатар баптарына бір палаталы заң шығару органының, яғни Құрылтайдың енгізілуіне байланысты, сондай-ақ «Республика» деген атаудың орнына «Қазақстан Республикасы» деп нақтылау мақсатында редакциялық өзгерістер енгізіледі. 

- Конституцияның 43-бабы өзгеріссіз қалады, - деді Ерлан Сәрсембаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы басталды. Іс-шара конституциялық реформаға байланысты түскен ұсыныстарды талқылауға арналды. 

ҚР Конституциялық Сотының төрайымы Эльвира Әзімова комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс түскенін, олардың барлығы біртұтас жинақталған кестеге топтастырылғанын атап өтті.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары