Malim.kz
Қоғам

"Президенттікке тағы үміткер боламын": Жигули Дайрабаев ел күтпеген шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев "Adal ADAM" YouTube арнасына берген сұхбатында президенттікке қайта үміткер болуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Мұны уақыт көрсетеді. Қазір қызметтен кетейін деп отырған жоқпын, ондай ойым да жоқ. Егер партияластарым ұсынса, президенттікке үміткер боламын", – деді Жигули Дайрабаев.

Айта кетейік, Ауыл халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2022 жылғы президент сайлауына үміткер ретінде дәл осы Жигули Дайрабаевты таңдаған еді.

Сайлау барысында Нұрлан Әуесбаев Тоқаевтан өзге үміткерлерді сынға алып, Дайрабаевты "Ауыл партиясының мүшесі емес" деп айыптаған. Бұған жауап ретінде Жигули Дайрабаев видеоүндеу жасап, Әуесбаевты бетпе-бет кездесуге және ашық дебатқа шақырған.

Сайлау қорытындысы бойынша Жигули Дайрабаев 3,42 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтан кейін екінші орын алған.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары