Ресей президенті Владимир Путин 19–20 мамыр күндері Қытайға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Сапар Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен жүзеге асады. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды, «жан-жақты стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты» нығайту мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарланған. Сапар қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдануы мүмкін.
Владимир Путин Қытай премьері Ли Цянмен де кездесіп, екі ел арасындағы экономикалық және сауда саласындағы ынтымақтастықты талқылайды.