Malim.kz
Әлем

Путин мен Лукашенко Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» шақырту алды

Арман Қайыпхан
Фото: Brandon/Bednyakov/AP/dpa/picture allianсе

Дональд Трамп Газа секторына қатысты құрылған «Бейбітшілік кеңесіне» Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь басшысы Александр Лукашенконы шақырды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Кремль бұл шақыртуды «зерделеп жатыр» және «барлық жайттарды нақтылауды» қалайды. Ал Лукашенко Трамптың ұсынысын «оң қабылдады».

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты реттеу үшін құрып жатқан «Бейбітшілік кеңесіне» шақырту алды. Бұл туралы дүйсенбі, 19 қаңтарда, Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

«Қазіргі уақытта біз бұл ұсыныстың барлық егжей-тегжейін зерделеп жатырмыз, сондай-ақ барлық жайттарды нақтылау үшін америкалық тараппен байланыс орнатуға үміттенеміз», — деді Песков. Оның сөзін Интерфакс агенттігі келтірді.

Осындай шақыртуды Беларусь басшысы Александр Лукашенко да алғанын сол күні кешірек Беларусь Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. «Газа аймағындағы жағдайды реттеу контекстінде Беларуське «Бейбітшілік кеңесі» атты жаңа халықаралық ұйымның құрылтайшысы болу ұсынылды», — деді Беларусь СІМ-нің баспасөз хатшысы Руслан Воронков.

СІМ дерегінше, Лукашенко Трамптың ұсынысын «оң қабылдаған». Воронковтың айтуынша, Беларусь «Бейбітшілік кеңесінің» жұмысына қатысуға дайын және бұл құрылым басқа да қақтығыстарды реттеумен айналысады деп үміттенеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары