Кремль Украина тарапынан бейбітшілікке дайындықты «әзірге шынымен де байқамай отырғанын» мәлімдеді. Дегенмен, ел билігі «қандай да бір диалогқа баруға дайын» деген белгілі бір сигналдар бар екенін де жоққа шығармады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин жұма күні, 19 желтоқсанда өткен «Тікелей желі» барысында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Оның айтуынша, Ресей соғысты бейбіт жолмен аяқтауға «дайын әрі ниетті», алайда бұл «алғашқы себептер жойылған жағдайда» және Путиннің өзі 2024 жылғы маусымда Ресей Сыртқы істер министрлігі алаңында ұсынған қағидаттар негізінде ғана мүмкін.
Сол кезде РФ президенті, өзге талаптармен қатар, Ресей аннексиялауды көздеп отырған Херсон, Запорожье, Донецк және Луганск облыстарынан украин әскерінің «толық шығарылуын» талап еткен болатын.
Сонымен қатар «Тікелей желі» барысында Путин 2025 жылғы тамызда Аляска штатының Анкоридж қаласында АҚШ президенті Дональд Трамппен өткен кездесуде Ресей АҚШ ұсынған Украинадағы соғысқа қатысты «ымыралы нұсқалармен» дерлік келіскенін айтты.
«Анкоридждегі президент Трамппен кездесуде біз оның ұсыныстарын келісіп, іс жүзінде қабылдауға дайын болдық», – деді Путин.