Malim.kz
Әлем

Путин Украинадағы соғысқа қатысты жаңа тапсырма берді

Арман Қайыпхан
Фото: Gavriil Grigorov/ZUMA/IMAGО

Ресей президенті Владимир Путин әскери кеңесте Украинадағы соғысқа Киевтің батыстық одақтастарының қатысу деңгейіне талдау жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, талдау нәтижесінде соғыс қимылдарының жалғасуына ықпал етіп отырған негізгі «арандатушылар» анықталуы тиіс. Путин мұндай бағалау алдағы уақытта осы елдерге қатысты «жауапты шешімдер» қабылдау үшін қажет болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ Ресей басшысы Украина инфрақұрылымына жасалып жатқан жаппай соққыларды жалғастыруды тапсырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары