Таиландтың Пхукет қаласынан Алматы қаласына бір жарым айлық нәресте медициналық авиация арқылы жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқастың жағдайының ауыр болуына, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылуына және тұрақты оттегі қолдауын қажет етуіне байланысты медициналық тасымалдауды арнайы тасымалдау кювезінде жүргізу туралы шешім қабылданған.
Тасымалдау ҰШМҮО медициналық авиация мобильдік бригадасы арқылы жүзеге асырылды. Бригада құрамында дәрігер Жасұлан Жұмғұлов, фельдшер Болат Шәріпов және неонатология департаментінің басшысы Асхат Қуанышбаев болды. Алматы қаласына келгеннен кейін нәресте әрі қарай мамандандырылған ем алу үшін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жатқызылды, - деп жазылған министрлік хабарламасында.