Malim.kz
Оқиға

Қайрат Боранбаев жаңа қызметке барды

Айбын Атабай

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт федерациясының (IBSA) Атқарушы кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлады Malim.kz Bairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тиісті шешім 2026 жылғы 3 тамызда қабылданды. IBSA – көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында спортты дамытатын және әлемнің 100-ден астам елінің ұлттық ұйымдарын біріктіретін халықаралық федерация.

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, бұл тағайындау еліміздің халықаралық паралимпиадалық қозғалыстағы ұстанымын нығайтып, инклюзивті спортты дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жұмыстарға серпін береді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары