Гүлмира Сатыбалдының тағы бір қылмысы ашылатын сыңайлы. Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оған қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Гүлмира Сатыбалды 2019 жылы 2017 жылғы Универсиада нысандары құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты орындалмаған міндеттері үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергелуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру деректерін ашпақ. Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығы күдікке ілінген.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Еске сала кетейік, Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру бойынша тергеуге алынған.