Бұл туралы DW - Неміс толқыны хабарлайды. Басылым автоконцерннен сұрағанда, олар бұл мәселеден бейхабар екенін айтыпты.
Шағымдар автомобильдердің дабыл жүйесіндегі ақауларға қатысты түсіп жатыр екен. Ондай ақаудан машина түкке қажеті жоқ "әншейін қалбырға" айналады дейді. Мұндай ақаудың ресейлік БАҚ-тарға - Porsche көліктерін Ресейде сатуды және қызмет көрсетуді жалғастырып жатқан дилерлер растапты. Ал Porsche-нің өзі Ресейден кетіп қалған еді.
Мұндай мәселенің себебі ретінде түрлі тұспалдар айтылуда. Мысалы, Porsche компаниясы көліктерді қашықтан сөндіріп тастаған болуы мүмкін (санкцияларға байланысты). Ал ресейлік «Рольф» автодилерінің сервис жөніндегі директоры Юлия Трушкова РБК-ға берген сұхбатында, көліктер - дрондарға қатысты әуе қорғанысы шаралары аясында сигналдарды тұншықтыру кезінде істен шыққан болуы мүмкін дейді.