Malim.kz
Әлем

"Қалың мал үшін": 28 жастағы ер адам 36 жастағы әйелінің денесін бөлшектеп, қала сыртына апарып тастаған

Мадияр Қапанбек
Arasha.kz коллажы

Дағыстанда аса ауыр қылмыс тіркелді: ер адам әйелін өлтіріп, кейін денесін бөлшектеп тастаған. Алдын ала мәлімет бойынша, қанды оқиғаға қалың мал ретінде берілген "Лада Приора" автокөлігін сату себеп болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Mash дерегіне сүйенсек, қайғылы жағдайға дейін 28 жастағы Ражидин Я. мен 36 жастағы Мальвина М. мұсылмандық некемен бірге тұрған. Қалың малға берілген "Лада Приора" көлігін ер адам әйелінің келісімінсіз Грозный қаласының тұрғынына 600 мың рубльге сатып жіберген.

Бұған наразы болған Мальвина полицияға көліктің ұрланғаны туралы арыз түсірген. Сол күні кешке Ражидин "арызға байланысты сөйлесу үшін" әйеліне барған. Алайда арада алты күн өткен соң, марқұмның өртенген дене бөлшектері Дербент қаласынан үш шақырым жердегі ауыл аумағынан табылған.

Туыстарының айтуынша, қаза тапқан әйелдің алғашқы некесінен үш баласы бар.

Күдікті Ражидин ұсталып, полиция бөлімінде жасаған қылмысын толық мойындаған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары