Malim.kz
Қоғам

Қандастарға тосқауыл амалы...

Айбын Атабай
abai.kz

Сәуір айынан бастап елде жаңартылған ережелер күшіне енді. Оған сәйкес, тұруға ықтиярхат алу үшін шетелдік азамат қазақ тілін бұрынғыдай A1 емес, B1 деңгейінде меңгергенін растауы қажет. Бұл туралы DW басылымына сілтеп Malim.kz хабарлайды.  

Қазақстан экономикаға жоғары білікті мамандарды тартуға мүдделі, деп түсіндірді бүгін Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Аида Балаева. «Сұранысқа ие мамандық иелері болып табылатын шетел азаматтары үшін арнайы визалар, оның ішінде тұрақты тұруға мүмкіндік беретін санат қарастырылған. Олардың қатарында нейрохирургтер, гематологтар, фармацевтикалық өнеркәсіптің инженер-технологтары, бактериологтар, графикалық анимация техниктері және тағы басқалары бар. Жалпы тізімде 51 мамандық қамтылған. Бұл сұранысқа ие мамандықтар тізімі үнемі толықтырылып отырады», – деді Балаева. Оның айтуынша, мұндай мамандарға Қазақстанда тұруға ықтиярхат бірден 10 жыл мерзімге беріледі. Сондай-ақ жоғары білікті мамандар мен цифрлық көшпенділерге арналған визалардың жаңа форматтары әзірленіп, енгізілуде.

Қазақстан инвесторлар үшін жеңілдетілген кіру тәртібін де сақтап отыр. «Олар үшін А5 және А6 санатындағы жеке визалар қарастырылған. Бұл визалар инвестициялық жобалардың басшылары мен қатысушыларына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі», – деді Балаева.

DW-ге пікір білдірген Астана саяси ортасына жақын аноним дереккөздің айтуынша, жаңа көші-қон саясатының басты мақсаты – елге «жалған қандастардың» қоныс аударуына тосқауыл қою. Қандастар – шетелде туған және тұратын этникалық қазақтар.

13 сәуірден бастап Қазақстанға қоныс аударған Ресей мен Украина азаматтарына, оның ішінде қандастарға да, тұруға ықтиярхат алуға өтініш беру кезінде бас тарту жағдайлары тіркеле бастаған. Telegram-чаттардағы мәліметтерге сәйкес, олардың басым бөлігі қазақ тілінен міндетті тесттен өте алмаған. Алайда ережелердің өзгергені туралы ресми растау әзірге жоқ.

«Ақ жол» саяси партиясының жетекшісі Азат Перуашев DW-ге берген сұхбатында ықтиярхат алуға үміткерлер үшін тіл білудің маңызын атап өтті: «Егер мигрант Қазақстанда ұзақ уақыт қалғысы келсе, мемлекеттік қазақ тілін үйренсін. Оны меңгеруге жеткілікті уақыт беріледі. Бірқатар елдердің азаматтары Қазақстанда визасыз 90 күнге дейін бола алады».

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары