Malim.kz
Экология

Қапшағай қоймасы 98% деңгейге жетті

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы толуға жақын, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазіргі таңда оның деңгейі 98%-ға жетті. Су нысанында 18,04 млрд текше метр су жиналған.

Мамандардың мәліметінше, жиналған су қоры өңірдегі егістік алқаптарын суармалы сумен толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Әсіресе Ақдала мен Шеңгелді ауылдық округтеріндегі ауыл шаруашылығы жерлері қажетті сумен толық қамтылмақ.

Қапшағай су қоймасы Балқаш көліне құятын трансшекаралық Іле өзенінің ағынын реттейтін негізгі нысандардың бірі саналады. Вегетациялық кезеңнен тыс уақытта су қоймасынан Балқаш көліне шамамен 4 млрд текше метр су жіберілген.

Сала өкілдерінің айтуынша, трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану мәселесінде, соның ішінде Іле өзені бойынша Қытай тарапымен тұрақты байланыс орнатылған.

Осы үйлесімді жұмыстың нәтижесінде Алматы облысының диқандары соңғы үш жыл қатарынан суармалы сумен тұрақты түрде қамтылып келеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары