Malim.kz
MALIMet

Қар, көктайғақ және екпінді жел: 12 қарашада ауа райы қандай болады?

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

Ертең, 12 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, жолдар көктайғақ болады. Жетісудағы Алакөл көлдері маңында желдің жылдамдығы түнде секундына 30 метрге жетіп, одан да күшеюі мүмкін, деп Malim.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Үш мегаполистегі ауа райы

Астанада түнде жауын-шашын болмайды, күндіз аздаған жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 1 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында болады. Оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жел соғады.

Алматыда түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Түнде 0-2 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде 1-3 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы күтіледі. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жел соғады.

Барлық 17 облыстағы болжам

Ақмола облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Температура түнде 2-7 градус аяз, күндіз 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Казгидромет

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Осы аудандарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Казгидромет

Атырау облысында түнде батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз осы аудандарда жаңбыр, оңтүстігінде аздаған жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең кей аудандарды тұман басады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, шығысында 3 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын болмайды. Күндіз батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Температура түнде 0–5 градус жылы, солтүстік-шығысында 3 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз кей аудандарда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында түнде батысы мен солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр мен қар жауып, тұман, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Түнде 0–5 градус жылы, солтүстігі мен шығысында 4 градус аяз, күндіз 6-11 градус жылы. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр мен қар жауады. Түнде батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Температура түнде 4 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында, күндіз 3-8 градус жылы. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей аудандарда секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауады. Күндіз жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде 0-5, оңтүстігінде 8 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жел соғады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батысын, солтүстігі мен шығысын тұман басады. Түнде 1-6 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы. Оңтүстік-батыстан соғатын жел кей аудандарда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қарағанды облысында түнде солтүстігі мен шығысында қар, күндіз жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең кей аудандарда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, оңтүстігінде 2 градус жылы, күндіз 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, оңтүстігінде 5 градус жылы. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысында түнде солтүстігі мен шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Батысында, солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Түнде 0-5, шығысында 8 градус аяз, күндіз 1 градус аяз бен 4 градус жылы аралығында. Солтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жел соғады.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Кей аудандарда тұман күтіледі. Түнде 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында, батысында 5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы. Солтүстік-батыстан жел соғып, оңтүстігі мен орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Таулы аудандарда жауын-шашын кей уақытта күшейеді. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында, солтүстігі мен тауларында 7 градус аяз; күндіз 3-8 градус жылы, солтүстігі мен тауларында 1 градус аяз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында түнде оңтүстігі мен орталығында жаңбыр мен қар, тауларында кей уақытта қалың қар жауады. Күндіз жауын-шашын болмайды. Тұман түсіп, жолдарда көктайғақ сақталады. Түнде 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында, тауларында 5-10 градус аяз; күндіз 2-7 градус жылы, тауларында 3 градус аяз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні шығысы мен таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысында жаңбыр мен қар жауып, түнде таулы аудандарда жауын-шашын күшейеді. Солтүстігінде, орталығы мен тауларында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде 0-5 градус жылы, солтүстігі мен орталығында 2, тауларында 3 градус аяз; күндіз 1-6 градус жылы, тауларында 3 градус аяз. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні секундына 23-28 метрге, түнде кей уақытта 30 метрге жетіп, одан да күшеюі мүмкін.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігі мен тауларында тұман, таулы жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде 0-5 градус жылы, батысында, солтүстігі мен тауларында 4 градус аяз; күндіз 3-8 градус жылы, тауларында 2 градус аяз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел кей аудандарда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысында түнде таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Солтүстігі мен тауларында тұман түседі. Түнде 1-6 градус аяз, күндіз 4-9 градус жылы, тауларында 1 градус аяз. Солтүстік-шығыстан жел соғып, батысында, солтүстігінде, оңтүстігі мен таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды. Түнде солтүстігінде, шығысы мен орталығында тұман күтіледі. Температура түнде 1-6 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары