Malim.kz
Құқық

Қар көшкіні қаупі: Алматы және таулы облыстарда ескерту жарияланды

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі («Қазселденқорғау») мамандары таулы аймақтарда қар көшкінінің қаупі сақталатынын ескертеді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Қар жиналуына және ауа райының тұрақсыздығына байланысты қауіп деңгейі жоғары.

Қазіргі уақытта 378 жерүсті тексеріліп, 110 ескерту белгісі орнатылды. Қауіп басталған кезеңнен бері 66 қар көшкіні тіркеліп, 99 профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді.

Алматы қаласы, Алматы облысы, ШҚО, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстары таулы аймақтарында қауіп жоғары.

ТЖМ тауға барудан және қарлы беткейлерге шығудан бас тартуды ұсынады

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары