Malim.kz
Қоғам

Қар құрсауында қалған 15 адам құтқарылды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Жетісу облысы Алакөл ауданында, Үшарал–Достық автожолында Көктұма станциясынан 20 шақырым жерде қар құрсауында қалған бес жеңіл көліктегі адамдарды эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының күшімен 15 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Барлығы Көктұма станциясына эвакуацияланды, медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ азаматтарды жолға шығар алдында ауа райы жағдайын мұқият қадағалап, жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары