Malim.kz
MALIMet

Қар, тұман және көктайғақ: 13 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы жасалған

13 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қар мен жаңбыр жауып, тұман түседі. Кей облыстарда көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді, деп Malim.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада аздаған қар жауады. Түнде 1–3 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метрге жетеді.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аяз, күндіз 5–7 градус жылы болады. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жел соғады.

Шымкентте күн жауын-шашынсыз өтеді, тұман түседі. Түнде 0–2 градус аяз, күндіз 7–9 градус жылы болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр болады.

Ақмола облысында аздаған қар жауады. Түнде батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Температура түнде 0–5 градус аяз, күндіз 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында болады. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жел соғады.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде 0–5 градус аяз, күндіз 2–7 градус жылы күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел секундына 7–12 метр, солтүстігінде екпіні 15–18 метрге жетеді.

Атырау облысында түнде батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей аудандарды тұман басады. Температура түнде 1–6 градус жылы, шығысында 2 градус аяз, күндіз 5–10 градус жылы болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде секундына 15–20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Батысында, солтүстігінде және шығысында түнде әрі таңертең тұман түседі. Түнде 0–5, күндіз 4–9 градус жылы болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, кей аудандарда екпіні 15–20 метр болады.

Маңғыстау облысында түнде жауын-шашын болмайды, күндіз батысында жаңбыр жауады. Түнде 1–6 градус жылы, солтүстігі мен шығысында 2 градус аяз, күндіз 8–13 градус жылы күтіледі. Оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғып, батысы мен орталығында екпіні 15–20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Түнде шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Температура түнде 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, күндіз 0–5 градус жылы болады. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде аздаған қар, күндіз жаңбыр аралас қар жауады. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде 4 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында, күндіз 0–5 градус жылы болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз батысы мен оңтүстігінде секундына 15–20 метрге жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде түнде аздаған қар жауады, күндіз жауын-шашын болмайды. Оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Түнде 3–8 градус аяз, күндіз 1 градус аяз бен 4 градус жылы аралығында болады. Оңтүстік-батыстан секундына 3–8 метр жел соғады.

Қарағанды облысында түнде шығысында қар, солтүстігінде аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз солтүстігі мен шығысында негізінен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең бірқатар ауданда тұман түседі. Температура түнде 0–5 градус аяз, шығысында 8 градус аяз, күндіз 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, оңтүстігінде 5 градус жылы болады. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жел соғады.

Ұлытау облысының батысы мен шығысында түнде қар, күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр аралас қар жауады. Түнде және таңертең солтүстігін, шығысы мен орталығын тұман басады. Түнде 1–6 градус аяз, күндіз 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, оңтүстігінде 5 градус жылы болады. Солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде 1–6 градус аяз, күндіз 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз облыс аумағында жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде 0–5 градус аяз, шығысы мен таулы аудандарында 8 градус аяз күтіледі. Күндіз 2–7 градус жылы, шығысы мен тауда 2 градус аяз болады. Солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жел соғады.

Алматы облысының таулы аудандарында түнде аздаған қар жауады. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстігінде, орталығында және тауда тұман түседі. Түнде 1–6 градус аяз, тауда 8–13 градус аяз, күндіз 2–7 градус жылы, тауда 1–6 градус аяз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғады.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде қар, күндіз жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігінде, орталығында және тауда тұман түседі. Түнде 1–6 градус аяз, тауда 9 градус аяз, күндіз 2–7 градус жылы, тауда 1 градус аяз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні орталығы мен таулы аудандарында секундына 15–20 метрге жетеді.

Жамбыл облысында түнде жауын-шашын болмайды, күндіз таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігінде, тау бөктері мен тауда тұман күтіледі. Температура түнде 1–6 градус аяз, тауда 9 градус аяз, күндіз 3–8 градус жылы, тауда 1 градус аяз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жел соғып, таулы аудандарда екпіні 15–20 метрге жетеді.

Түркістан облысында түнде жауын-шашын күтілмейді. Күндіз оңтүстігінде көбіне жаңбыр жауады. Батысында, тау бөктері мен таулы аудандарында тұман түседі. Түнде 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында, солтүстігі мен тауда 5 градус аяз болады. Күндіз 5–10 градус, солтүстігі мен тауда 2 градус жылы күтіледі. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жел соғады.

Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды. Түнде солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Температура түнде 0–5 градус аяз, күндіз 3–8 градус жылы болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары