Malim.kz
Қоғам

Қарағанды ферроқорытпа зауытында 8 жұмысшы жарақат алды

Мәди Саматұлы

Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. Кенеттен шыққан жалынның салдарынан кәсіпорынның 8 жұмысшысы түрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға бүгін таңғы сағат 04:10-да зауыттың №1 пешінде болған.

YDD Corporation баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, қазір зардап шеккен жұмысшының бәрі ауруханаға жеткізіліп, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Компания зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуде  және аурухананың медициналық қызметкерлерімен үнемі байланыста, деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі. 

Фото: gov.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары