Malim.kz
Оқиға

Қарағанды облысында 16 жастағы бала суға батып кетті

• Malim Админ

Қайғылы оқиға Қарағанды қаласының Сұрыптау ауданындағы Таймырская көшесінің артындағы карьерде болды. 


2009 жылғы жасөспірім карьер суына батып кетті. Қайғылы оқиға суға түсуге тыйым салынған жерде орын алды, - деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, марқұм екі досымен бірге су айдынына шомылуға келген. Бірақ ол жүзе алмаған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Құтқарушылар азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға, бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылмауға шақырады. Сондай-ақ, түнгі уақытта және жүзу дағдыларынсыз шомылудан бас тарту керектігін еске салады.

Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары