Malim.kz
Қоғам

Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Арман Қайыпхан

Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылғы 12 қазан сағат 21:00-де ауа райының күрт бұзылуына және көптеген жүргізушілердің жаздық шиналарда болуына байланысты “Қарағанды-Аягөз-Боғаз” автожолының 64-217 шақырым аралығында (Ботақара-Қарқаралы) көлік құралының барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 13 қазан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Аталмыш учаскеде 4 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде.

Фото: freepik.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары