Malim.kz
Қоғам

Қарағанды қаласында 185 литр суррогат алкоголь анықталды

Арман Қайыпхан
Фото: Sergey Ryzhov / Shuttherstock / FOTODOM

Қарағанды қаласындағы «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері қоғамдық мониторинг аясында суррогат алкогольдің заңсыз сатылу фактісін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Тексеру жүргізуге азаматтардың тек шағын сауда нүктелерін ғана емес, ірі сауда орындарын да бақылауға алу жөніндегі өтініштері негіз болды. Іс-шаралар нәтижесінде «Шығыс» базарында 185 литр суррогат алкоголь анықталып, тәркіленді.

«Дала Қырандары» ЖҚБ халықтың денсаулығына қауіп төндіретін заңбұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бағытындағы жұмысын жалғастырады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары