Malim.kz
Қоғам

Қарағандыда асыранды балаларды азаптады деп айыпталған қамқоршыларға үкім шықты

Айбын Атабай
Kazinform

Қарағанды облысында алты асыранды балаға қатыгездік көрсетті деп айыпталған ерлі-зайыптылар мен олардың қызына сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, патронаттық тәрбиеге алынған балалар бес жыл бойы қорлық көріп, ауыр жұмысқа жегілген, ұрып-соғылған және аштықта ұсталған.

Сот шешімімен отбасы басшысы Аян Исабаев 12 жылға, жұбайы Әлия Исабаева 10 жылға, ал қыздары Наурайым Исабаева 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ әрбір жәбірленушіге моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңгеден төлеу міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Қорғау тарапы апелляциялық шағым түсірмек.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары